УНИВЕРСИТЕТІМІЗ БЕН САМАРҚАНД АРАСЫНДА ҒЫЛЫМИ ӘРІПТЕСТІК ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ
Сапардың негізгі мақсаты – Самарқандтағы киелі орындар мен әулиелі мекендерге зиярат жасап, олар туралы аңыз-хикаяларды зерделеу. Сондай-ақ, осы бағыттағы тәрбиелік әдістер бойынша өзара тәжірибе алмасу.
Іссапар барысында оқу ордамыздың делегациясы алдымен Имам Бұхари орталығына барып, ондағы іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Орталық директоры, профессор Шовосил Зиёдов сұхбат барысында қос ел арасындағы терең тарихи байланыстар мен ғылыми әріптестіктің маңызын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, ғалымдар, Имам Матуриди кесенесі, Махдум Ағзам мазары, Шахи Зинда кешені және Мырза Ұлықбек обсерваториясы музей-кешендеріне экскурсия жасап, ғылыми мәліметтер жинады.
Университетіміздің ғалымдары Самарқанд экономика және сервис институтының студенттеріне «Дін феноменологиясы», «Ясауитану» және «Дін психологиясы» бойынша дәріс өткізді. Дәрістен кейін делегацияны институт вице-ректоры Толқын Шарипов арнайы қабылдады. Басқосуда екі оқу орынның арасындағы нәтижелі серіктестік жайында сүбелі сұхбат өрбіді.
Мұндай ғылыми байланыс пен ынтымақтастық алдағы уақытта жаңа жобаларға жол ашып, екі тарап үшін де игі нәтижелер берері сөзсіз.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 