УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ISO 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ АУДИТТІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ
Оқу ордамызда ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандартына сәйкестікті растауға арналған сыртқы сертификаттық аудиттің ашылу рәсімі өтті.
Аудиттің мақсаты — университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен жетілу деңгейін бағалау, ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестігін растау. Сондай-ақ, тұрақты даму бағытындағы жетілдіру аймақтарын анықтау.
Іс-шараға ректор өкілі м.а Нажи Генч пен вице-ректорлар, құрылымдық бөлім басшылары, департамент және ҒЗИ директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.
Ең алдымен, ректор өкілі м.а Нажи Генч, Анкара қаласынан келген Түрік стандарттар институтының (TSE) өкілі — бас аудитор, доктор Исмет Титизді ресми түрде таныстырып, оның оқу ордаға келудері мақсатына тоқталды.
Сөз тізгінін алған Исмет Титиз: «Алдағы аудит барысында құрылымдық бөлімдер мен кафедралардан талап етілетіні – жалпы бөлімдерге тиесілі баптардың тәуекелдер мен қауіп-қатерлерге қатысты сақталуы, сондай-ақ келешекке жасалған жоспарлардың орындалуы мен іс-шаралардың дер кезінде жүзеге асырылуы. Сонымен қатар білімгерлердің іс-тәжірибеден бастап оқу бітіргенге дейінгі білім деңгейі де қаралады»,-деді.
Сондай-ақ, ол, университеттің соңғы жылдары даму қарқыны жоғары екенін айтып, оң бағасын берді. Алдағы уақытта жүргізілетін аудит нәтижелері оқу орданың халықаралық аренадағы орны мен беделін нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.
# 33. Ғылыми жобалар аясындағы сатып алуларға арналған хабарландыру
Әлеуметтік-мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және психологиялық қызмет көрсету бөлімі және Коммуналдық қызмет көрсету секторы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи университетінің кітапханасы конкурс жариялайды
Жоғары медициналық білімнен кейінгі білім беру факультеті, Акушерлік-гинекология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Еңбек және азаматтық қорғау бөлімі конкурс жариялайды
Жаратылыстану факультеті,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды 