«ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ӨТТІ
Университетімізде әр аптаның сейсенбі күні өтетін «Корпоративтік таңғы ас» бағдарламасы аясында «Цифрлық трансформация және жасанды интеллект» атты тренинг өтті. Жиын спикері – ректор өкілі м.а Нажи Генч болды.
Ең алдымен, тренингке қатысушылар бой мен ой сергіту үшін физикалық және логикалық қызықты жаттығулар жасады.
«Бүгінгі тақырып барлығымыз үшін аса маңызды. Көпшілік шатастыратын цифрлық трансформация мен жасанды интеллекттің ара жігін ажырататын боламыз. Цифрлық трансформация – деректерді цифрландыру дегенді білдіреді. Ал жасанды интеллект – сандық деректерге негізделген интеллектуалды талдау жүргізу және шешім қабылдауды білдіреді»,-деді.
Сонымен қатар, Нажи Генч болашақта пайда болатын жеткізу тізбегін басқаруға серво-сенсорлар, модульдік жабдықтар, өздігінен жүретін жүк көліктері, компьютерлік көру мен бақылау сынды т.б мүмкіндіктерді таныстырды. Жасанды интеллекттің алгоритмдер, деректерді зерттеу, болжам жасау, тапсырмаларды автоматтандыру сияқты басқа да қызметтеріне тоқталды.
Келесі кезекте, қатысушы топтар жасанды интеллекттің іскерлік өмірдегі пайдасы мен зиянын жан-жақты талқылады. Әр топ өз позициясын қорғап, мысалдармен дәлелдеді. Бұл ойын арқылы «Жасанды интеллект адамзатқа бақыт сыйлай ма әлде бақытсыздық па?» деген сауалға да жауап іздеді. Осылайша ойын барысы қызу талқы мен нақты дәйектерге толы болды.
Тренинг соңында қатысушылар цифрландыру үдерісінің артықшылықтары мен тәуекелдерін саралап, жасанды интеллектті жауапкершілікпен пайдаланудың маңызын тереңінен таныды.
Университеттің медициналық клиникаға қажетті техниканы сатып алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кентау кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар саясаты департаменті, Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Көгалдандыру бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік универсиетінің Тіркеуші офис бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Заң факультеті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ботаникалық бақ ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Құрылыс және жөндеу бөлімі конкурс жариялайды 