• image image image image
  • shape
    shape

    Студенттік Парламент

    Студенттік парламент

    Халықаралық қазақ-түрік университетінің Студенттік Парламент — білім алушылардың білім беру үрдісін басқаруға қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз етуге, студент жастардың тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға және іске асыруға бағытталған университетіміздің студенттік өзін-өзі басқарудың тұрақты жұмыс істейтін өкілді алқалы мүшелері.

    Университеттің Студенттік Парламент заңды тұлға болып табылмайды, дербес балансы, жеке шоттары жоқ, өз атына мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді ала алмайды.

    Университеттің Студенттік Парламент өз қызметінде ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын, Университеттің ішкі тәртіп ережелерін, осы Ережені және Университеттің басқа да жергілікті нормативтік актілерін басшылыққа алады.

    Университеттің Студенттік Парламент мүшелері еріктілік, жариялылық және тең құқылық қағидалары негізінде әрекет етеді.

    Университеттегі студенттердің өзін-өзі басқаруды, білім беру процесінің сапасын бағалауға студенттердің қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз ету;

    Университеттің әлеуметтік маңызы бар студенттік бастамаларын дамыту және қолдау;

    Студенттік дәстүрлерді сақтау және дамыту, азаматтық мәдениетті, студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, олардың әлеуметтік жетілуін, дербестігін, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі дамытуға мүмкіндік жасау;

    Студенттердің жалпы мәдени құзыреттілігін қалыптастыру;

    • Студенттік Президент

    Студенттік Президентке қарасты 3 атқарушы билік:

    • Студенттік Президент өкілі
    • Президент аппаратының басшысы
    • Студенттік Парламент төрағасы

    Студенттік Президент өкілі

    • Түркі дүниесінің лидерлері;

    Президент аппаратының басшысы

    • Студенттік декандар;
    • Кәсіби бағыт-бағдар беру бөлімі (амбассадорлар).

    Студенттік Парламент төрағасы

    • Шаңырақ клубтар координациясы;
    • Министрліктер;
    • Жатақхана төрағалары;
    • Тәртіп бөлімі.

    «Шаңырақ клубтар кординациясы» тізімі

    Клуб атыКлуб төрағасы
    1«Қазақстан студенттерінің Альянсы»Қалдыбай Алия
    2«IKTU DEBATE CL»Есбалта Рақымжан
    3«Enactus»Абсадық Бекзат
    4«Болашақ медициналық академиялық клуб»Көлбаев Ақан
    5«Kidness Volunteers еріктілер клубы»Сайдын Гаухар
    6«Жастар рухы»Ашилбаева Ақнұр
    7«Endo медициналық клубы»Эргашев Хамит
    8«KazMSA медицина клубы»Абдухамит Каусар
    9«ArtHouse»Адалдыққызы Диляра
    10«GreenGrowth»Қолқанат Ботагөз
    11«TEDx»Ырыстаева Шахруза
    12«Yasawi team»Баймолдаева Амина
    13«Renessans»

    Тагаев Бекмурат

     

    Кудратиллаев Мансур

    14«Veritas» хирургиялық клубыЖандарбек Мирас
    15«Y-PEER»Артықбаева Күмісай
    16«Yasawi EVENT»

    Мауленова Гүльажар

     

    Абдезов Құдайберген

    17«Yasawi UNION медиа клубы»Абдиназарова Балжан
    18«Yasawi N.N би клубы»Құдайберген Нурила
    19«Teaching Chinese тіл клубы»Сәлімкелді Сәбит
    20«Y-DENT»Иса Арыстан
      21   «DevClub программалау тілі»  Бекарысұлы Марғұлан
    22Халықаралық қатынастар клубыЕргештаев Шохзод

    Бағыттары:

    • Гуманитарлық бағытта-4;
    • Әлеуметтік бағытта-4;
    • Жаратылыстану бағытында-1;
    • Медицина бағытында-5;
    • Өнер бағытында-3;
    • Инженерлық бағытта-1;

    Студенттік Ассосациация-4 болып жүйеленген.

    Студентік клубтарға мүше студентер саны — 1270