Негізгі құндылықтарымыз

Университеттің негізгі құндылықтары Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен әмбебап академиялық этиканың синтезі негізінде қалыптасады:
университет өз қызметінде құрылтайшы мемлекеттердің достық, теңдік пен мәдени айырмашылықтарға сүйенетін ұстанымдарын жоғары бағалайды. Басты қағидатымыз – адамға, оның құқықтары мен қадір-қасиетіне құрмет. Біз бір команда болып, серіктестікте жұмыс істейміз, әрі қай әріптестерімізді қолдауға әзірміз. Бір-бірімізге ізгі ниет танытамыз, жігер беріп, шабыт сыйлаймыз.
қызметімізді ашық жүргіземіз, мүдделі тараптардың бәрі де, жалпы көпшілік те бәрін еркін көре алады. Университет басшылығындағы лауазымды қызметкерлердің бәрі өз шешімдеріне, әрекеттеріне және олардың салдарына жауап береді. Өз пікірімізді ашық айтамыз және өзгелердің пікіріне құлақ асамыз. Білім алушыларымызды, оқытушылар мен қызметкерлерімізді тыңдай аламыз, ести білеміз және олардың нақты қажеттерін түсінеміз. Бір-бірімізге арқа сүйеп, қоғамдық сенім мен әлеуметтік капитал қалыптастырамыз. Университет ұжымындағы барша адаммен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас қалыптастырамыз.
университетіміздің қызметкерлері мен білім алушыларының бәрі әділдік қағидатын ұстанады. Университет басшылығы ешқашан қызметкерлерді кемсітуге жол бермейді және оларды меритократияға сүйеніп басқарып, еңбегін құрметтейді. Білім беру және ғылыми қызмет процесінде академиялық этика, ар-ождан мен әдептің жоғары стандарттарын ұстанамыз әрі қолдаймыз.
жаңашыл көзқарас, белсенді ұстаным, ұйымдастырудағы икемділік пен ұтқырлықты бағалаймыз. Өзгерістерге дайын болу бастапқы жоспармен әрекет еткеннен маңыздырақ. Үнемі жақсы нәтижелерге жетуге жаңа мүмкіндік іздейміз. Сонда ғана әлемді жақсарта түсетін жаңа идеяларды ойлап тауып, оларды іске асырамыз.
бүкіл ұжым мен білім алушылар еңбекке сүйіспеншілікпен қарауға, табанды еңбек етуге және оның нәтижесіне қол жеткізуге ұмтылады. Білім беру бағдарламаларын ертеңгі еңбек нарығындағы сұранысты болжай алатын, бәсекеге қабілетті етіп құруға ұмтыламыз, толық кешенді құжаттамадан гөрі бізге сол маңыздырақ.
Ішкі қауіпсіздік департаменті,Шаруашылық департаменті, Кентау кампусы конкурс жариялайды
Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды
2025-2026 оқу жылында аккредиттеуге ұсынылған білім беру бағдарламаларының тізімі
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Кітапханасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Экология ғылыми зерттеу институты конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауитану ҒЗИ конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Медиа және PR орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ақпараттық технологиялар департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ішкі қауіпсіздік департаменті конкурс жариялайды 