Негізгі құндылықтарымыз

Университеттің негізгі құндылықтары Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасы мен әмбебап академиялық этиканың синтезі негізінде қалыптасады:
Университет өз қызметінде құрылтайшы мемлекеттердің достық, теңдік пен мәдени айырмашылықтарға сүйенетін ұстанымдарын жоғары бағалайды. Басты қағидатымыз – адамға, оның құқықтары мен қадір-қасиетіне құрмет. Біз бір команда болып, серіктестікте жұмыс істейміз, әрі қай әріптестерімізді қолдауға әзірміз. Бір-бірімізге ізгі ниет танытамыз, жігер беріп, шабыт сыйлаймыз.
Қызметімізді ашық жүргіземіз, мүдделі тараптардың бәрі де, жалпы көпшілік те бәрін еркін көре алады. Университет басшылығындағы лауазымды қызметкерлердің бәрі өз шешімдеріне, әрекеттеріне және олардың салдарына жауап береді. Өз пікірімізді ашық айтамыз және өзгелердің пікіріне құлақ асамыз. Білім алушыларымызды, оқытушылар мен қызметкерлерімізді тыңдай аламыз, ести білеміз және олардың нақты қажеттерін түсінеміз. Бір-бірімізге арқа сүйеп, қоғамдық сенім мен әлеуметтік капитал қалыптастырамыз. Университет ұжымындағы барша адаммен ұзақ мерзімді сенімді қарым-қатынас қалыптастырамыз.
Университетіміздің қызметкерлері мен білім алушыларының бәрі әділдік қағидатын ұстанады. Университет басшылығы ешқашан қызметкерлерді кемсітуге жол бермейді және оларды меритократияға сүйеніп басқарып, еңбегін құрметтейді. Білім беру және ғылыми қызмет процесінде академиялық этика, ар-ождан мен әдептің жоғары стандарттарын ұстанамыз әрі қолдаймыз.
Жаңашыл көзқарас, белсенді ұстаным, ұйымдастырудағы икемділік пен ұтқырлықты бағалаймыз. Өзгерістерге дайын болу бастапқы жоспармен әрекет еткеннен маңыздырақ. Үнемі жақсы нәтижелерге жетуге жаңа мүмкіндік іздейміз. Сонда ғана әлемді жақсарта түсетін жаңа идеяларды ойлап тауып, оларды іске асырамыз.
Бүкіл ұжым мен білім алушылар еңбекке сүйіспеншілікпен қарауға, табанды еңбек етуге және оның нәтижесіне қол жеткізуге ұмтылады. Білім беру бағдарламаларын ертеңгі еңбек нарығындағы сұранысты болжай алатын, бәсекеге қабілетті етіп құруға ұмтыламыз, толық кешенді құжаттамадан гөрі бізге сол маңыздырақ.
Қазандық пештерін алу
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Бейнелеу өнері кафедрасы,Шымкент кампусы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ректорат, Кітапхана орталығы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Физика кафедрасы, Кітапхана, Ішкі қауіпсіздік департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті, Қазақ филологиясы кафедрасы, автокөлік бөлімі конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Биология кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Математика кафедрасы конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Студенттік асхана конкурс жариялайды
Халықаралық Симпозиум
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Экономика қаржы және есеп, Орыс тілі және әдебиеті, Тарих кафедраларына конкурс жариялайды
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ақпараттық технология департаменті,Қаржы департаменті конкурс жариялайды 