Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

       Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабтың негізінде университеттің жұмысын онлайн ұйымдастыру қажеттілігі туындауымен байланысты, сервер сатып алу.

Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісім шартқа қол қойған күнінен бастап әлеуетті өнім беруші тауарларды 30 күнтізбелік күн ішінде жеткізуге тиісті.

        Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуге тиіс.
  5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған  баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
  6. Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы соммасының кем дегенде 5-пайызы (%) мөлшерінде мына есеп шотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат.
  7. Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 айдан кем емес болуы міндетті.

Сатып алынатын университеттің жұмысын онлайн ұйымдастыру қажеттілігі туындауымен байланысты, сервердің техникалық ерекшелігі мен келісім шарт үлгісін http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.

       Комиссия отырысы болатын күні және уақыты: 13.08.2020 (15:00)

Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты:

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде (23.07.2020 – 12.08.2020), Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.

Требований к ресурсам сервера (pdf)

Напишите свой вопрос

 

×