Хабарландыру

Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62.

       Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабы  негізінде “Студенттер асханасы” орталығына қарасты буфеттер мен асханаларға бір жылға қажетті азық-түліктерді сатып алу.

Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісім шартқа қол қойған күнінен бастап Тапсырыс берушінің сұранысы бойынша 31.12.2020 жылға дейін. Сатып алынатын азық-түліктердің көлемін, санын Тапсырыс беруші айқындайды.

        Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10 бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұранамыз:

  1. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
  2. Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
  3. Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзіретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
  4. Өткізілетін сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың конкурстық құжаттамада көрсетілген стандарттарға сәйкестігін растайтын, халықаралық ережелерге сай акредиттелген сапаны тексеру ұйымдары тарапынан берілген сертификаттары болуы міндетті.
  5. Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.

 

Сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізімін, техникалық ерекшеліктерін, келісім-шарт жобасын және конкурс шарттарын  http://ayu.edu.kz/ сайтының хабарландыру парақшасынан немесе Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинеттен алуға болады.

Сатып алуға өтінімді өткізу орны және уақыты: 13.02.2020 (15:00)

Сатып алуға қатысуға баға ұсыныстары арнайы конвертке салынып, мөр басылып, хабарландыру жарияланған уақыттан бастап 20 күнтізбелік күн ішінде, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29В мекен-жайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Ректорат ғимараты, № 203 кабинетте қабылданады.

Азық түліктерді сатып алу конкурсқа ұсынылған заттың атау. doc