Жас ғалымдарға арналған гранттық байқау

Жас ғалымдардың ғылымизерттеу жобалары мен жұмыстарын қаржыландыруға арналған гранттар байқауы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш ПрезидентіЕлбасы қоры Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарындағы ғылымның, техниканың және технологияның басым бағыттары бойынша қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми жобалар мен жас ғалымдардың жұмыстарын қаржыландыруға гранттар байқауынжариялады.

Байқаудың мақсаты – қазақстандық  жас ғалымдардың импортты алмастыратын әлеуеті, жоғары инновациялық және әлеуметтік маңызы бар,келешегі зор ғылыми әзірлемелеріне қолдау көрсету.

Конкурстық іріктеуге қатысуға ғылыми дәрежесі бар (ғылыми кандидат немесе ғылым докторы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) 40 жастан аспайтын ғылыми қызметкерлер (ғылыми ұйымда, жоғары оқу орнында немесе ұйымның ғылыми бөлімшесінде жұмыс істейтіндер) ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын Қазақстан азаматтары жіберіледі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2020 жылдың 30 наурызынан 30 мамырына дейін.

Грантты бөлу ережесі және қатысуға өтінім:
Зерттеу гранттары Үшін Ережелер 2020 .doc

Қосымша мәліметті Kоммерциализациялау офисінен келесі телефондар арқылы алсаңыз болады: 8725-33-6-36-36, ішкі: 19-19.