Жас мамандар назарына!

 Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Ректораты

Жас мамандар назарына!

Университетіміздің 2020 жылғы 21-ақпанда өткен 62-ші Өкілетті Кеңес Мәжілісінің 8-ші шешімімен Өкілетті Кеңес Басқармасы тарапынан шәкіртақы тағайындалып, 2020-2021 оқу жылында Түркия Республикасы университеттерінде докторантура бағдарламасында білім алуға жіберілетін төмендегі мамандықтар бойынша  контингенттерге үміткерлер үшін конкурс жариялайды:

Мамандық атауы

Докторантура Кәсіби біліктілік арттыру
1 Музыкалық білім 1
2 Сән дизайны 1
3 Жетекшілік және психологиялық жетекшілік 1
4 Электрик-энергетикалық инженерия (Инженерия факультеті) 1
5 Жаңа түрік әдебиеті 1
Барлығы 5

 

            Үміткерге қойылатын талаптар мен құжаттар:

  1. Университет президенті атына өтініші.
  2. Жеке куәлік көшірмесі
  3. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткер докторантура бағдарламасына сәйкес мамандық бойынша магистратура бағдарламасын бітіруі;
  4. Докторантура бағдарламасына жолданатын үміткердің ең соңғы дипломдағы орташа үлгерім ұпайы кем дегенде 3.00/4.00 немесе 75/100 және одан да жоғары болуы;
  5. Жоғары білімі туралы дипломы мен қосымшасы көшірмесінің нотариалды куәландырылған болуы;
  6. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің кем дегенде 1 (бір) ғылыми мақаласының жарияланған болуы;
  7. Университет тарапынан өткізілетін Түрік тілі бойынша емтиханынан табысты өткен болуы;
  8. Тәртіптік шараға тартылмаған болуы
  9. Оқуына кедергі болмайтын ауыр науқасқа немесе жұқпалы ауруға шалдықпағанын растайтын денсаулығы туралы 082 нысанды анықтамасының болуы (түрік тілі емтиханынан сәтті өткен үміткерлерден талап етілетін құжат);
  10. Докторантура бағдарламасында білім алуға үміткердің жасы 1-қаңтардан бастап 35-тен аспаған болуы қажет.

Ескертулер:

  • ХҚТУ-іне білікті оқытушы мамандарды даярлау мақсатында ЖОО-да білім алуын табысты аяқтаған үміткерлер жіберілетіндіктен екі елдің жауапты тұлғалары шеңберінде мұқият түрде базалық білім нәтижелері, түрік тілі емтихан қортындысы және саласы бойынша жасаған ғылыми жұмыстары сарапқа салынады. Үміткерлер білім алуларын бастамай тұрып, университет Ректоратымен “Міндетті қызмет атқару” келісімшарты жасалады. Оқуын сәтті аяқтаған мамандар Түркияда қанша мерзім шәкіртақылы негізде білім алған болса (демалыс күндерін қосқанда) сонша мерзім көлемінде университетімізге келіп, саласы бойынша жұмыс істеуге міндетті. Шәкіртақы тағайындалған тұлға түзілген келісімшарт бойынша міндетті қызметіне кіріспеген жағдайда немесе жұмыс мерзімі аяқталмай тұрып университеттегі жұмысынан өз еркімен босаған жағдайда білім алуы үшін жұмсалған қаражат барлығы заңды пайызымен есепке алына отырып, сот орындары арқылы университет пайдасына өндіріледі.
  • Егер, конкурс жарияланған мамандыққа сәйкес магистратура бағдарламасын аяқтамаған үміткерлер өтініш білдірген жағдайда, үміткердің құжаттары магистратура бағдарламасын 2019-2020 оқу жылының 20-маусымына дейін аяқтау шартымен қабылданып, конкурска қатыстырылады. Құжаттары шартты түрде қабылданған үміткер конкурс нәтижесінде жоғары ұпай жинаса, мамандыққа берілген контингентке қабылдану құқығына ие болады. Алайда, конкурсқа қатысып, жоғары ұпай жинап және контингентке қабылдану құқығына ие бола тұра магистратура бағдарламасын аяқтай алмаған жағдайда үміткер докторантура бағдарламасына қабылдану құқығынан айырылады.

Құжат қабылдау мерзімі: 19-30.05.2020 аралығы.

Түрік тілін меңгеру деңгейін айқындау емтиханының мерзімі алдын-ала қосымша хабарланады. 

Құжаттар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, № 29,  Ректорат ғимаратының 3-қабаты, 304-бөлмесінде 11.00-17.00-ге дейін қабылданады.

Байланыс телефондары:  8 (725 33) 63601, факс 63605.

                                  Ұялы тел: 8 702 498 06 65. Динара Зулпихарова

 

 

Напишите свой вопрос

 

×