Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына халықаралық конкурс

Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына халықаралық конкурс

   Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасуы ережесіне» сәйкес 2020-2021 оқу жылына профессор- оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің бос орындарына халықаралық конкурс жариялайды.

   Іріктеуге қатысуға ниет білдірген үміткер Университеттің ресми сайтында орналастырылған талаптарға сәйкес құжаттарды сканерден өткізілген нұсқада электрондық поштаға (MKTU@ayu.edu.kz) тапсыруы қажет.

Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 2020 жылдың 31 шілдесі,                 сағат 18-00 дейін.

Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми www.ayu.edu.kz сайтында орналастырылады:

  1. Бос орындардың тізімі;
  2. Профессор-оқытушы құрамы мен ғылыми қызметкерлердің лауазымдарға конкурстық орналасу ережесі (…pdf);
  3. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі (…pdf)
  4. Кадрларды есепке алу бойынша жеке парақ үлгісі (…pdf)

Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №29,  ректорат ғимараты, №105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.

Персоналды басқару және құжат айналымын қамтамасыз ету басқармасы.