Университетімізге Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілі жұмыс сапарымен келді
2024 жылғы 23 желтоқсанда университетімізге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жобалық офисінің өкілі Утепкалиева Бибигуль Токаевна жұмыс сапарымен келді.
Сапардың басты мақсаты – оқу ордамызда жүзеге асырылып жатқан BR24992814 «Оңтүстік Қазақстан өңірін тұрақты дамыту үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылым құру» атты бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасының 2024 жылға жоспарланған міндеттерінің орындалу барысын қадағалау және 2025 жылға арналған мақсаттарды нақтылау болды.
Сапар барысында Б. Утепкалиева аталған жоба жетекшілерімен және зерттеушілер тобымен кездесіп, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен танысты. Сонымен қатар алдағы кезеңде жоспарланған іс-шаралардың сапалы жүзеге асуына қатысты өз ой-пікірлерімен және ұсынымдарымен бөлісті.
Кездесуде жоба аясында құрылатын Академиялық Үстемдік Орталығының тұжырымдамасы да кеңінен талқыланды. Бибигуль Токаевна аталған орталықтың өңірлік ғылым мен инновацияны дамытудағы маңыздылығына ерекше тоқталды.
Сапар аясында жобалық менеджмент тақырыбында семинар өткізіліп, жобаларды тиімді басқарудың заманауи әдістері мен тәжірибесі бойынша тың ақпараттар ұсынылды.