ОҚУ ОРНЫМЫЗДА НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ДОЦЕНТІ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
Университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен докторанттарының ғылыми-зерттеу құзыреттерін арттыру және жетілдіру мақсатында, Назарбаев Университеті Медицина факультетінің доценті Гаипов Абдужаппар Эркинұлы «Зерттеу методологиясы» тақырыбында дәрістер мен практикалық талқылаулар жүргізді.
Ғылыми семинар BR24992814 Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылымды құру бағдарламалы-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында өтті.
Жиында қатысушылар ғылыми зерттеу жүргізу әдістері, клиникалық тәжірибеге негізделген ғылыми гипотезаларды қалыптастыру, ғылыми идеяларды генерациялау және медициналық мақалалар жазу бойынша ақпарат алды.
Ғалымдар шара барысында өздерінің ғылыми жобалары бойынша сұрақтар қойып, тәжірибелі ғалымның кеңесін алды. Семинар тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, пайдалы әрі мазмұнды өтті.
Оқу орнымыз осындай ғылыми жиындарды жүйелі түрде ұйымдастырып, зерттеушілердің біліктілігін арттыруға ықпал етуді көздейді.