Жалпы мәліметтер
Бағдарламаның атауы: Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрақты дамуы үшін инновациялық технологияларды дамыту және заманауи инфрақұрылымды құру
Бағдарламаның мақсаты: Медицина, биотехнология және экология бойынша кешенді зерттеулер жүргізу және Арал-Сырдария өңірінің интеграцияланған және орнықты инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін биологиялық ресурстарды тиімді басқарудың ғылыми-практикалық жолдарын әзірлеу.
Бағдарламаның міндеттері: Зерттеу бағдарламасы үш негізгі блокты қамтиды: медициналық, биотехнологиялық және экологиялық.
Зертханалар саны: 13 оның ішінде
- медицина блогы 8
- биотехнология блогы 2
- экология блогы 3
Зерттеу тобы: Жалпы 100 оның ішінде 14 көмекші құрам, 5 ғылым докторы, 22 ғылым кандидаты, 28 PhD, 42 жас ғалым және 6 шетелдік ғалым (Түркия, Канада. Венгрия, Германия, Қытай, Австралия).
Халықаралық байланыстар:
- Гази университеті, Медицина факультеті, Түркия;
- ГЕН КӨК Геном және дің жасушалары орталығы, Түркия
- Су экологиясы институты, Венгрия
- Ковентри университетінің Агроэкология, Су және Төзімділік орталығының жоғары өнімді аналитикалық хабы, Англия
- Марбург университеті, Германия
- Макгилл университеті, Канада
Консорциум:
- Әль-Фараби университеті
- Назарбаев университеті
- Генетика және физиология институты