shape
shape

Деканның хабарламасы

Деканның хабарламасы

Құрметті білім алушылар,

Факультетіміз өз міндеті мен жауапкершілігін сезінетін, жетістікке лайықты, әлемнің дамуына ұмтылатын, өзіне сенімді, ізденіп, оқи алатын, ойланатын және сұрақ қоя алатын, мәселелердің шешімін шығара алатын түлектерді тәрбиелеуді мақсат етеді және адамзатқа пайдалы ғылыми зерттеулер жасап, оларды іс жүзінде қолдануды үйретеді. Осы мақсатқа сәйкес факультетіміздегі Білім беру бағдарламалары бойынша түлектеріміз  мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында әртүрлі мәртебелерде жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, біздің түлектер тиісті магистратураның кез келген бөлімінде білім алып, академиялық салада жұмыс істей алады.

Заңдар мен ережелерге сәйкес білім беру және оқыту қызметтерін ұсынатын, заманауи менеджмент талаптарына сәйкес транспарентті басқару тәсілімен қызмет көрсететін факультетімізде жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін қажетті күштер мен тәжірибелер әзірленіп, алдағы уақытта жалғасын табады. Парасатты ойлайтын, заман талабына сай  білім алған, түлектеріміздің, факультетімізде алған білімдері арқылы түркі әлемі мен бүкіл адамзатқа қызмет ететініне сенім білдіреміз.

PhD доктор, профессор
Келесбаев Дінмұхаммед Нұрмаханбетұлы