shape
shape

Бағдарламалар

Экономика, басқару және құқық факультеті / Экономика, қаржы және есеп кафедрасы / Магистратура

7M04141 - Қаржы магистратура бағдарламасы

Course Image Экономика, басқару және құқық факультеті Экономика, қаржы және есеп кафедрасы

  • Экономикадағы қаржы-несие жүйесінің ұйымдастырылуына қарай шаруашылық субъектілер арасындағы қаржылық қатынастарды талдай отырып, қаржы-бюджет, ақша-несие сферасындағы, банктік, сақтандыру, халықаралық және мемлекеттік қаржы нарығында орын алған жағдайларды  бағалайды 
  • Қаржылық, экономикалық қатынастарды рационалды  ұйымдастыра білу, қаржы қатынастарын реттейтін заңдар мен нормативтік құжаттардың негізінде, қаржы механизмінің әдіс-тәсілдерін жұмыстарында қолданады.
  • Магистратураға түсетін университеттің түлектері білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді тест тапсырады, олар шет тілінен тестін, білім беру бағдарламаларының кәсіби тестін, оқуға дайындықты анықтауға арналған тесттен тұрады. Магистратураға ағылшын тілінде білім алушылар білім беру бағдарламаларының топтары үшін кешенді ағылышын тілінде тест тапсырады және қазақ немесе орыс тілдерінде оқуға дайындықты анықтайтын (таңдау бойынша) тестілеуден өтеді. Магистратураға қабылдау жоғары білім берудің білім бағдарламаларын меңгерген тұлғалардың оқуға түсу емтихандарының нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).
     
  • Экономиканың нақты секторы, қаржылық – банк жүйесі, бизнес және кәсіпкерлік.
  • Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік және аймақтық құрылымдар.
  • Консалтингтік және аудиторлық фирмалар.
  • Инвестициялық және сақтандыру компаниялары.
  • Ғылыми ұйымдар мен институттар.
  • Оқу орындары.
  • Аналитикалық, есеп айырысу - реттеу, кеңес беру қызметтері.
  • Ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік базаны құру.