shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Құқықтану кафедрасы терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. 2014-2015 оқу жылы Заң факультетіне қарасты «Мемлекеттік-құқықтық пәндер», «Қылмыстық құқық, іс жүргізу және криминология», «Азаматтық құқық және іс жүргізу» кафедралары бірігіп, «Құқықтану» кафедрасы құрылды. Қазіргі таңда «Құқықтану» кафедрасына Phd аға оқытушы А.Сабыр басшылық етуде. 6В04245-құқықтану, 6В04282-құқық қорғау қызметі, 6В04281-халықаралық құқық мамандығында оқып жатқан білім алушылар азаматтық, қылмыстық құқықтық пәндер мен еңбек, жер, экология құқықтары және т.б. құқық салаларындағы заңнамалар мен нормативтік құқықтық актілерді іске асыруға, көпшілік және жеке мүдделерді қорғау кезіндегі қоғам өмірінің түрлі саласындағы құқықтық тәртіп пен заңдылықтарды нығайтуды қамтамасыз етуге бағытталады. Кафедра профессор-оқытушы құрамының басты мақсаты – қазіргі заман талабына сай, білікті заңгер мамандарын дайындау. Кафедрада 5 білім беру бағдарламасы бойынша 289  білімгер білім алуда. Оның ішінде Түркия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстан, Ауғанстан, т.б. алыс жақын шетелден келген білімгерлер бар. Қазіргі таңда кафедрамызда  5 ғылым кандидаты, 6 PhD доктор, 6 магистр оқытушы, 1 аға оқытушы және 1 оқытушы бар.  

Кафедраның қызметі: оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Кафедраның құзыреті: теориялық және іс-тәжірибелік дайындықты меңгерген, кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары, мемлекеттік білім беру стандартына сай мамандарды даярлауды жүзеге асыру.