Сенат:
- Сенат жоспары
- Сенат мүшелері
- Ғылыми атаққа үміткерлер тізімі
- Ғылыми атақ беру ережесі
- Сенат қаулылары
Сенат өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы Үкіметтерінің білім беру саласын реттейтін жарлықтарына, басқа да білім беру жүйесін реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қаулылары мен шешімдеріне, университет Жарғысына сәйкес жұмыс атқарады.
Сенат университеттің жоғарғы алқалы ұйымы болып табылады. Сенат университет президентінің басшылығымен қызмет атқарады. Сенат құрамына Президент басшылығымен қатар ректор өкілі (І-ші вице-президент), Вице-президенттер, факультет декандары, клиника-диагностикалық орталығының бас дәрігері, институт және колледж директорлары, сондай-ақ университет Кәсіподақ ұйымының төрағасы, университет Жастар ұйымының төрағасы және әр факультеттен факультет Кеңесі тарапынан ұсынылған бір-бір оқытушыдан енеді. Факультет Кеңесі тарапынан сайланатын Сенат мүшелері үш жылға, ал қалғандары қызметтерінің соңына дейін Сенатқа мүше болады. Сенат жоспар бойынша жылына кем дегенде 4 (төрт) рет өткізіледі.
Сенаттың қызметтері университет Жарғысына сәйкес төмендегіше атқарылады: