❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (ХҚТУ) ғылыми зерттеулер бойынша жергілікті этика комиссиясы (Комиссия) құжаттарға биоэтикалық сараптама жүргізетін және биомедициналық зерттеулерге қатысушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тәуелсіз сараптамалық орган болып табылады.


Комиссияның функциялары мен қызметі

  • Ұсынылған құжаттарға биоэтикалық сараптама жүргізу:
    • зерттеулерді жоспарлау кезеңінде,
    • оларды жүргізу барысында,
    • зерттеулер аяқталғаннан кейін.
  • Эксперименттер жүргізу кезінде зертханалық жануарларға ізгілікпен қарау қағидаттарының сақталуын бақылау.
  • Этикалық, моральдық және құқықтық нормаларға қатысты мәселелерді қарастыру.
  • Зерттеу материалдарын бағалау және қорытынды беру.

Комиссияның құрамы


Комиссия құрамына мыналар кіреді:

  • Төраға,
  • Төраға орынбасары,
  • Хатшы,
  • Комиссия мүшелері.

Комиссия мүшелерінің өкілеттік мерзімі — 3 жыл, қайта сайлану мүмкіндігімен. 

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №197 бұйрығымен «Ғылыми зерттеулер бойынша жергілікті этика комиссиясының құрамын бекіту туралы» жаңа құрам бекітілді..


Құрылу және сертификаттау

Комиссия 2022 жылы ХҚТУ ректорының бұйрығымен құрылды және Қазақстан Республикасының тиісті клиникалық практика (GCP) стандарттарына, сондай-ақ халықаралық этикалық талаптарға сәйкес ресми сертификаттаудан өтті.

 


Нормативтік база

Өз қызметінде Комиссия келесі құжаттарды басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы;
  • «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексі;
  • ҚР мемлекеттік стандарттары: «Тиісті клиникалық практика» және «Тиісті зертханалық практика»;
  • Дүниежүзілік медицина қауымдастығының Хельсинки декларациясы;
  • Био-медициналық зерттеулерге сараптама жүргізетін этикалық комитеттерге арналған ДДҰ нұсқаулығы;
  • Ғылыми мақсатта пайдаланылатын омыртқалы жануарларды қорғау туралы Еуропалық конвенция;
  • ҚР клиникалық зерттеулер жөніндегі нормативтік құқықтық актілері;
  • Биоэтика бойынша халықаралық декларациялар мен нұсқаулық құжаттар;
  • Жергілікті биоэтика комиссиясы туралы ереже.

Негізгі мақсат

Ғылыми зерттеулердің этикалық негізділігін қамтамасыз ету, оларды жүргізу барысында адам мен жануарлардың құқықтарының сақталуын бақылау, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми адалдық қағидаттарын сақтау.


Негізгі міндеттер

  1. Зерттеу құжаттамасына тәуелсіз сараптама жүргізу.
  2. Зерттеулерді жоспарлау және жүргізу кезеңдерінде адам құқықтарының сақталуын және қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бағалау.
  3. Биомедициналық зерттеулердің халықаралық және ұлттық этикалық нормаларға сәйкестігін бақылау..

Комиссияның байланыс деректері

Ғылыми зерттеулер бойынша жергілікті этика комиссиясының Төрайымы – Ошибаева Айнаш Есимбекқызы, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор

 E-mail: ainash.oshibayeva@ayu.edu.kz

 

 

Ғылыми зерттеулер бойынша жергілікті этика комиссиясының хатшысы – Асан Айнұр Асанқызы, MD

 +7 775 150 0707 (WhatsApp)
 E-mail: ainur.assan@ayu.edu.kz

 

Маман - Төлегенова Динара Қалдыбекқызы - MD
 +7 708 345 3731
 E-mail: dinara.tolegenova@ayu.edu.kz

 

*Назар аударыңыз! Комиссияға тапсырмас бұрын құжаттарды Word форматында онлайн тексеруді Асан Айнұр жүргізеді; хатшының мақұлдауынан кейін құжаттардың қағаз нұсқасын қабылдауды Төлегенова Динара жүзеге асырады.

 

Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов көшесі, 29, Индекс 161200, Ректорат ғимараты, 4 қабат.

 

х Зерттеу этикасы бойынша жергілікті комиссияның ережесі (ЛЭК)

Комиссияның 2025-2026 оқу жылына жылдық жоспары

Комиссияның 2025-2026 оқу жылына отырыс кестесі

Диссертациялық зерттеуді қарастыру үшін комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі.

Ғылыми зерттеулерді қарастыру үшін комиссияға ұсынылатын құжаттар тізімі (жоба).

ҚР ДСМ Биоэтика бойынша орталық комиссия сертификаты

Құжаттарды тапсыру және қабылдау нұсқаулығы

Ғылыми зерттеулер бойынша жергілікті этика комиссиясында қарастыруға арналған құжаттар тізімі 

Құжаттарды рәсімдеудің стандартты талаптары

СОП 1 СОП-тарды жазу, қарау, тарату және қайта қарау
СОП 2 ЗБЭК жұмысын ұйымдастыру (1)
СОП 3 Құпиялылық, мүдделер қақтығысы туралы келісім (1)
СОП 4 Тәуелсіз кеңесшілерді іріктеу
СОП 5 Өтініш беру рәсімі
СОП 6 зерттеуді бағалау нысаны
СОП 7 Зерттеуге алғашқы рет сараптама жасау
СОП 8 Жеделдетілген сараптама
СОП 9 Медициналық жабдықтарды зерттеу сараптамасы
СОП 10 Қорытынды есептерді қарастыру
СОП 11 Сараптамаға өтінішті қайта қарау
СОП 12 Зерттеу барысына енгізілген түзетулерді қарау
СОП 13 Зерттеуді тоқтатуды басқару
СОП 14 Сәйкессіздік, хаттаманың бұзылуы
СОП 15 Зерттеу барысын бақылау
СОП 16 Күрделі күтпеген құбылыстарды қарастыру
СОП 17 Зерттеу орталығын тексеру
СОП 18 Ағымдағы зерттеу құжаттарымен жұмыс
СОП 19 Зерттеуге қатысушылардың сұрақтарына жауаптар

  • Shape Images