Оқу-әдістемелік комитет (ОӘК) — университет қызметінің оқу-әдiстемелiк және оқу мәселелерін талқылау, оқу-әдістемелік ұсынымдарды ұйымдастыру орталығы болып табылады. ОӘК жоғары және кәсiби бiлiм беру сапасын басқару бағыттары мен механизмдерін, білім беру үдерісін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиясын оқу үдерісіне ендіруге ұсыныс береді.
Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесi қызметiнiң негiзгi бағыттары: университет мамандықтарының оқу жоспарын және жұмыс бағдарламаларын сараптамадан өткізуді; оқулық, оқу-әдістемелік құралдары, оның iшiнде электрондық тасымалдағыштарды әзірлеуді; білім беру үдерісі сапасын, бiлiм беру қызметтерін және оқу, ғылыми әдістемелік зерттеу нәтижелерін университеттің білім беру іс-әрекетінде оларды пайдалану мақсатымен нәтижелерін ұдайы жетілдіру мәселесiн шешумен байланысты сұрақтарды қарастырады.
ОӘК мамандарды даярлау сапасын көтеру мақсатымен оқу-әдiстемелiк жұмыстарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар береді және білім беру қызметтерін көрсететін университеттің білім беру үдерісін ұйымдастыруды талдап, қажет болған жағдайда оқу-әдістемелік құжаттарды сараптамадан өткізу нәтижелерін қарау және құжаттарда көрсетiлген жобаларды ұсыну бойынша шешiм береді. Сонымен қатар оқыту үдерісіне жаңа технологияларды, оқытудың белсенді әдістерін және білім алушылардың білім сапасын бақылауды ендіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы оқу-әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін талдап қорыту және университеттің барлық құрылымдық бөлімдеріне семинар, дөңгелек үстелдер және т.б. ұйымдастыру жолымен әдiстемелiк көмек көрсетеді.
Оқу-әдістемелік үдерісті жетілдіруге және ПОҚ практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі формаларын ендіру жолдарын қарастырады. Модульдер (немесе элективті пәндер) каталогін бекiту, педагогикалық және ғылыми кадрлардың бiлiктiлiгін көтеру және аттестаттау жүйесін жетiлдiру, оқу үдерісі мазмұнын талдау; үдерісіне әдістемелік даярламалар нәтижелерін ендіру бойынша ұсыныстар дайындайды. ОӘК оқытуды ұйымдастырудың, басқарудың және сапасын бақылаудың тиiмдiлiгін қамтамасыз ететiн оқыту үдерісін интенсивтендіру туралы, оқытудың жаңа технологияларын ендіру бойынша ұсыныстарды талқылап әзірлейді.