"Murager" бағдарламасы: "Казатомпром" тегін білім гранттары

  • 30.05.2024
  • KZ

image

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ PR бөлімі Сізден жыл сайынғы Murager білім беру гранттары бағдарламасының басталуына орай ақпараттық қолдау көрсетуіңізді сұрайды.

Жоба аясында мектеп талапкерлері/ түлектері, сондай-ақ колледж бен жоғары оқу орындарының 1,2,3 курс студенттері жоғары оқу орнында оқуға қайтарымсыз грант ала алады.

Сізден белгілі бір шарттарды оқу орныңыздың ресми сайтына, әлеуметтік желілеріне және WhatsApp мессенджеріндегі кураторлар мен мұғалімдер отыратын чаттарға жариялауды сұраймыз.

Біз сіздерге толық мәліметті өзіміз ұсынамыз:

1. Сайт пен әлеуметтік желілерге арналған мәтін (хатқа постер қоса беріледі).

Біздің студенттеріміз (түлектеріміз) табиғи уран өндіру бойынша әлемдегі №1 компанияның қайтарымсыз грантын ұтып ала алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ білім беру гранттарын ұсынатын Murager әлеуметтік бағдарламасының басталғаны туралы хабарлайды. Бағдарлама талапкерлерді (11-сынып бітіретін мектеп түлектері), колледж түлектері мен Компания бөлімшелері бар аймақтардағы (Түркістан, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары) 1,2,3 курс студенттерін қолдауға бағытталған. Техникалық мамандықтарға басымдық беріледі. Олардың тізімі және өзге де мәліметтер бағдарламаның ресми сайтында (https://murager.kazatomprom.kz) және @muragerprogram Instagram парақшасында жарияланған.

Murager бағдарламасы бойынша оқуды сәтті аяқтаған қатысушылар келесі оқу жылында да оқуын жалғастыруға мүмкіндік алады. Өтінімдер 2024 жылғы 14 тамызға дейін (Астана уақыты бойынша сағат 23.59-ға дейін) қабылданады.

2. WhatsApp-қа жіберуге арналған мәтін

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ-ДАН УНИВЕРСИТЕТТЕ БІР ЖЫЛДЫҚ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

Егер сіз бұл сұраққа «иә» деп жауап берген болсаңыз, онда тағы 2 сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз…

1. Сіз 1,2,3 курс студентісіз бе немесе мектеп, колледж түлегісіз бе? Оқу грантын алып үлгермедіңіз бе?

2. Сіз техникалық мамандықта оқисыз ба немесе таңдағыңыз келе ме?

Егер сіз 2 сұраққа да «иә» деп жауап берсеңіз, онда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Murager бағдарламасы арқасында бір жылдық грантты қалай ұтып алуға болатыны туралы толығырақ біліңіз.

Барлық мәліметті жобаның ресми сайты https://murager.kazatomprom.kz/ru және бағдарламаның @muragerprogram Instagram парақшасынан біле аласыз.

Егер сіз Murager бағдарламасына қатысуға өзіңізді лайықпын деп есептесеңіз, сайтқа кіріп, бағдарламаға қатысуға өтініш беруіңізге болады. Мерзімі: 2024 жылғы 22 мамырдан 14 тамызға (Астана уақыты бойынша 23.59-ға) дейін.

Іріктеу турларының нәтижесі бағдарламаның сайты мен Instagram парақшасында жарияланады.

Жариялауға арналмаған: ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН MURAGER БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫС ҮЙЛЕСТІРУШІСІНЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.

ӘЙГЕРІМ МҰЗДЫБАЕВА - 8705 298 78 42

image