Педагогтік қайта даярлау курстарына құжат қабылдау басталады!
13.06.2024
KZ
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Педагогикалық қайта даярлау ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 17.03.2020 жылғы №110 бұйрығына сәйкес 2024-2025 оқу жылына 01 шілдеден бастап педагогикалық емес кәсіптік білімі бар, алғаш рет тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне кірісетін тұлғаларға арналған педагогтік қайта даярлау курстарына құжат қабылдау басталады:
№
шифр
Дайындық бағыты
Педагогикалық ББ атауы
Жалпы академиялық кредит саны
Оқу кезеңі (аймен)
Оқу төлем ақысы
(теңге)
Білім курстарына бара алатын ББ атауы
1
6B011
Педагогика және психология
6B01101 Педагогика және психология
60
6 ай
350 000
6В050300-Психология
2
6B012
Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
6B01202 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
60
6 ай
350 000
6В050300-Психология
3
6B013
Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
6B01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
60
6 ай
350 000
6В050300-Психология
6B01405 Денешынықтыру және спорт
60
6 ай
350 000
6B11103 Демалыс және спорттық және сауықтыру туризм
6B01406 Музыкалық білім
60
6 ай
350 000
6B02165 Эстрада өнері
6B02122 Дәстүрлі музыка өнері (Халық әні)
Вокалдық өнер
6B01478 Көркем еңбек және графикалық жобалау
60
6 ай
350 000
6B02125 Сән өнері
6B02126 Дизайн
5
6B015
Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
6B01509 Математика
60
6 ай
350 000
6B05449 Математика
6В061 Математикалық компьютерлік модельдеу
6B01513 Биология
60
6 ай
350 000
6B05146 Биология
6B05169 Биотехнология
6B01510 Физика
60
6 ай
350 000
6B05348 Физика
Ядролық физика
Техникалық физика
6B01573 Информатика
60
6 ай
350 000
6B06151 Ақпараттық жүйелер
6B06182 Компьютерлік инженерия
6B06181 Ақпаратты өңдеу және деректерді визуализациялау
6В061 Информатика
Есептеу техникасы
6B01512 Химия
6B01562 Химия-Биология
60
6 ай
350 000
6В05302 Химия
6B01514 География
60
6 ай
350 000
6В060900 География
6
6B016
Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
6B01615 Тарих
60
6 ай
350 000
6B02231 Тарих
7
6B017
Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
6B01716 Қазақ тілі мен әдебиеті
60
6 ай
350 000
6B02336 Филология: қазақ филологиясы
6B01717 Орыс тілі мен әдебиеті
60
6 ай
350 000
6B02336 Филология: орыс филологиясы
6B01718 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-қытай)
60
6 ай
350 000
6B02332 Шетел филологиясы (ағылшын тілі)
6B02333 Шетел филологиясы (түрік тілі)
6B02335 Аударма ісі: ағылшын тілі
6B01719 Шетел тілі: екі шетел тілі (ағылшын-түрік)
60
6 ай
350 000
Аталған курстарды ұйымдастырудың мақсаты қазіргі заманғы педагогикалық, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктерге, инклюзивті білім беру дағдыларына ие тұлғаларды, жоғарыда аталған тұлғаларды педагогтік қайта даярлау арқылы өңірде және республика бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу болып табылады.
Бұл педагогикалық білім берудің тізбектелген үлгісі әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады
Педагогикалық білім берудегі тізбектелген бағдарлама – белгілі бір пән бойынша ғылыми дәрежесі бар, бірақ білім беру мекемелерінде (мектептер, колледждер, лицейлер) өз пәні бойынша мұғалім біліктілігін алғысы келетін болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған бағдарлама. Тізбектелген бағдарлама жалпы саны 60 академиялық кредитті құрайтын педагогикалық практиканы қоса алғанда, педагогикалық курстардан тұрады және Қазақстандағы білім берудің барлық деңгейлерінде белгілі бір пәндік салада оқыту үшін біліктілікті қамтамасыз етеді.
Тізбектелген бағдарлама 4 модульден тұрады: "Болашақ мұғалімді тұлға ретінде қолдау", "Оқу және оқытуды бағалау", "Мұғалім – рефлексиялық практика иесі", "Мұғалім – оқу фасилитаторы»
Тізбектелген бағдарлама болашақ мұғалімдердің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтірмей, теңдік, сыйластық, төзімділік қағидаттарын сақтай отырып, оқуға тең мүмкіндіктер береді. Табиғаты жағынан ол пәнаралық, болашақ мұғалімдерге бағытталған, ғылыми интеграцияланған және проблемалық-бағдарланған болып табылады, ал курстарды таңдау тарих пен қоғамның өзекті мәселелерімен анықталады және курстардың халықаралық сипаттамаларына сәйкес келеді.