Түркология ғылыми-зерттеу инситутының директорына конкурс жариялайды

  • 21.06.2024
  • KZ

image

  1. 2024-2025 оқу жылына Қазақстан Республикасы, Түркістан қ., 29В Саттарханов даңғылы мекен-жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесі ғылыми-зерттеу институттарына директор лауазымына конкурс жариялайды.

Факультет атауы

Қызметі

Штат бірлігі

1

Туркология ғылыми-зерттеу институты

Директор

1,0

 

Біліктілік талаптары:

-ҒЗИ директорлығына басқару жұмыстарын кәсібилікпен атқаратын жоғары білімді, ғылыми атағы және дәрежесі бар, кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар тұлға тағайындалады;

-ҚР Конституциясы;

-ҚР «Білім туралы» заңын;

-Ғылым туралы» заңын;

-ҚР «Еңбек кодексін»

-ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын;

-Университет ректорының бұйрықтары мен өкімдерін;

-Өз қызметін орындауға қатысты заңды және нормативті актілерді;

 -Қызметін орындау мәселелеріне сәйкес әдістемелік нұсқауларды;

-Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастыру ережелерін;

-Қазіргі инновациялық стратегиялық стратегиялардың  дамуын;

-Қазіргі ғылым дамуының негізгі заңдылығын білуі тиіс.

 

Біліктілік талаптарымен қосымша университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/pedagogikaly_biliktilik_035_2022.pdf сілтеме арқылы танысуға болады.

Қосымша деректер:

 

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлер 2024 жылдың 05 шілде, сағат 18.00-ге дейін Ректор атына еркін нысанда өтініш береді. 

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы 29В, Ректорат (103 бөлме)

Өзге қаладан конкурсқа тапсыратын үміткерлер құжаттарды aknur.kaldybayeva@ayu.edu.kz электронды поштасына жіберуге болады. 

Қосымша ақпаратты Адам ресурстарын басқару бөлімінің қызметкері Калдыбаева Акнур Аймаханбетовна, 8701-326-27-79 телефондарына хабарласып алуға болады. 

 

Өтінішке қоса мына құжаттар тізімі беріледі:

Университет қызметкерлері:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
  4. Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;
  5. Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)
  6. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  7. Институт дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

 

Сырттан келген үміткерлер үшін құжаттар тізбесі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы;
  2. Түйіндеме

3) Өмірбаян;

4) Жоғары білімі, академиялық және ғылыми  дәреже туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;

5) Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері;

6) Ғылыми жұмыстары мен өнертабыстарының тізімі(соңғы үш жыл)

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

10) Институт дамуының жолдары, даму бағыттары туралы презентация.

Ескерту:

  1. Жоғарыдағы белгіленген тізімге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбау және өтініштер мен құжаттарды берудің белгіленген мерзімдерін бұзу үміткерді Конкурсқа қатыстырмау үшін негіз болып табылады.
  2. Конкурс оффлайн форматта өтеді.