“SKY Leaders: Southern Kazakhstan Youth Leaders” көшбасшылар бағдарламасына қабылдау басталды!

  • 09.09.2024
  • KZ

image

Көшбасшылық дағдыларыңды дамытып, жобаңды жүзеге асырғың келе ме?

Ендеше, мына мүмкіндік дәл сен үшін!????

“SKY Leaders: Southern Kazakhstan Youth Leaders” көшбасшылар бағдарламасына қабылдау басталды!

Бағдарлама бірнеше этаптан тұрады: онлайн-курс, Шымкентте екі күндік тренинг, менторинг, Алматыда нетуоркинг шара (барлық шараға қатысушылардың шығындары өтеледі).
Оған қоса, бағдарлама аясында өз бастамаңды жүзеге асыру үшін мини-грант жеңіп алу мүмкіндігің бар.
Бағдарламаға Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент және Алматы қалаларында орналасқан жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан бакалавр және магистр студенттері қатыса алады.


Бағдарлама Қазақстан мен АҚШ-тың танымал сарапшыларының жетекшілігімен қоғамдастық көшбасшылықты дамытуға және біліктілікті арттыруға бағытталған.

Оқу қазақ және ағылшын тілдерінде өтеді. Іріктеу екі этаптан тұрады: жобаға тіркелу және интервью. Курсқа қабылдау барысында ағылшын тілін меңгерген үміткерлерге басымдық беріледі.

Курсқа тіркелу үшін: https://forms.gle/y35oB1zQyW7w8WKL9 
Тіркелу дедлайны: 17.09.2024

Керемет мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Сұрағыңыз бар ма, ендеше event@medianet.ngo поштасына жазыңыз.
Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Алматыдағы АҚШ консулдығының қолдауымен жүзеге асырады.