АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
«Қазақстан – Түркия Торакальды Хирургия» 
Халықаралық Симпозиумы
Құрметті әріптестер!
Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-медициналық ынтымақтастық аясында «Қазақстан – Түркия Торакальды Хирургиясы» атты халықаралық симпозиум өткізу жоспарлануда. Бұл ғылыми жиынның басты мақсаты – кеуде хирургиясы саласындағы заманауи жетістіктерді талқылау, тәжірибе алмасу және Қазақстандағы өзекті мәселелерге тиімді шешімдер ұсыну. 
Симпозиумның болатын уақыты: 03.11-05.11.2025 жж.
Симпозиумның болатын жері: Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті; Шымкент қаласы, Облыстық клиникалық ауруханасы.
Қазақстандағы торакальды хирургияның өзекті мәселелері:
- Өңеш және өкпе қатерлі ісіктерінің жоғары жиілігі. Ерте диагностика деңгейінің жеткіліксіздігі және кеш кезеңде анықталу жағдайлары хирургиялық емдеуді күрделендіреді.
- Миастения және медиастинальды аурулар. Бұл топтағы сырқаттарда хирургиялық әдістердің қажеттілігі артып отыр.
- Трахея аурулары мен диафрагма патологиялары. Арнайы жоғары технологиялық операцияларды енгізу қажеттілігі бар.
- Минималды инвазивті хирургияның жеткіліксіз дамуы. RATS/VATS сияқты әдістерді енгізу әлі де шектеулі, сондықтан халықаралық тәжірибе алмасу өзекті.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласы Қазақстанның ең ірі медициналық орталықтарының бірі ретінде аймақтық деңгейде кеуде хирургиясын дамытуда маңызды рөл атқарады.
- Аймақтағы ірі көпсалалы ауруханаларда өкпе, өңеш, медиастинум және трахея ауруларына қатысты күрделі хирургиялық операциялар жасалуда.
- Соңғы жылдары торакоскопиялық және эндовидеохирургиялық әдістер енгізіліп, хирургиялық тәжірбиені жетілдіруге мүмкіндік беруде.
- Дегенмен, кадр тапшылығы, заманауи құрал-жабдықтардың жеткіліксіздігі және науқастардың дер кезінде диагностикадан өтпеуі негізгі кедергілердің бірі болып отыр.
Симпозиум тақырыптары:
- Өңеш қатерлі ісігі;
- Кеңірдек (трахея) ауруларының хирургиялық емі;
- Диафрагма дисфункциясы және емдеу тәсілдері;
- Өңештің қатерсіз аурулары;
- Ерте кезеңдегі өкпе қатерлі ісігінің хирургиялық емі (RATS/VATS);
- Жергілікті таралған өкпе обырының хирургиясы.
Түркия тарапына симпозиумға қатысушы, және берілген негізгі тақырыптарды жүргізетін профессорлар құрамы:
- Профессор, доктор Атилла ЭРОҒЛУ – Ататүрік университеті, Кеуде хирургиясы кафедрасы;
- Профессор, доктор Айдын ШАНЛЫ – Докуз Эйлюл университеті, Кеуде хирургиясы кафедрасы;
- Профессор, доктор Али ЧЕЛИК – Гази университеті, Кеуде хирургиясы кафедрасы.
    Қосымша: Симпозиум бағдарламасы тіркелді.
  
Ақпараттық хат
Бағдарлама