Ғылым департаменті, Шаруашылық департаменті конкурс жариялайды



2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі (уақытша орын) | Жетекші маман | 1,0 ш.б. |
2 | №3 оқу ғимаратына | Ағаш ұстасы | 1,0 ш.б. |
1 .Ғылыми кадрларды даярлау және атестаттау бөлімінің жетекші маманы қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірбиесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, еңбек өтілі 3 жылдан жоғары тұлға болуы тиіс;
2. Ағаш ұстасының техникалық білімі болуы қажет;
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2025 жылдың 07 қараша , сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.