Екіжақты келісім-шарт негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!



Екіжақты келісім-шарт негізінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне тіркелу басталғанын хабарлаймыз!
Тіркелу мерзімі: 03.11.2025 – 21.11.2025
Тіркелу форматы: оффлайн
Өтетін орын: Ректорат, 418 кабинет
Тіркелу кезінде тапсырылатын құжаттар:
✅ Жеке куәлік және төлқұжат көшірмесі
✅ Ресми мөрмен куәландырылған ағымдағы транскрипт (ағылшын тілінде)
(Транскрипт Ректораттың 1-қабаты, 122 кабинетте беріледі)
✅ Тіл білімі деңгейін растайтын сертификат:
Түрік тілі бойынша: Yunus Emre және Лингвистикалық орталықтың B2 және одан жоғары деңгейдегі сертификаттары жарамды.
Ағылшын тілі бойынша: IELTS, TOEFL және Лингвистикалық орталықтың B2 және одан жоғары деңгейдегі сертификаттары жарамды.
Сертификаты жоқ білімгерлер тіркелуден кейін өтетін тіл білімі деңгейін анықтау емтиханына қатысады.
Емтихан уақыты тіркелу аяқталған соң жарияланады.
Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне тіркелетін білімгерлерден сертификат талап етілмейді.
⚠️ Ескерту:
1-курс және бітіруші курс білім алушылары академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатыса алмайды.
Оқу ақысынан бөлек барлық шығындар білімгердің өз есебінен төленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін:
Ректорат, 418 кабинет