❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ – 2026» АТТЫ IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

  • 26.11.2025
  • KZ
  • 25

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Yesevi

«ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ – 2026»  АТТЫ

IV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Ақпараттық хат

            2026 жылдың 26-27 ақпан күндері  Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық түрік-қазақ университеті, Филология факультеті, Педагогикалық шет тілдері кафедрасы тарапынан «Шетел тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер – 2026» тақырыбындағы IV Халықаралық ғылыми конференциясы онлайн форматта ұйымдастырылып отыр.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Ағылшын және түрік тілдерін оқытудағы өзекті мәселелер
  • Халықаралық тіл ретінде ағылшын тілі 
  • Түрік тілінің Түркі әлеміндегі маңызы
  • Түрік және ағылшын тілідерін оқытуда жаңа инновациялық технологиялар мен әдістер
  • Түрік және ағылшын тілідерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Түйін тапсырудың соңғы мерзімі

22.01.2026 

Қабылданған баяндамалар туралы хабарлама

23.02.2026

Конференция бағдарламасының жариялануы

24.02.2026

Конференцияның өту күндері

26-27.02.2026

Толық мәтін жіберудің соңғы мерзімі

01.04.2026

Баяндама жинағының жариялануы 

01.05.2026 

 

Конференцияның өткізілу формасы: онлайн, ZOOM платформасында

Конференция түрік және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Конференцияға қатысу тегін!

 

Ұйымдастыру комитетімен байланыс: 

Веб парақшасы:  https://cifle.ayu.edu.kz

Электрондық пошта: cifle@ayu.edu.kz

Тел    +7 771 826 90 52