❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

Жаратылыстану факультеті, Стратегиялық даму,рейтинг және сапа орталығы,Мәдениет орталығы конкурс жариялайды

  • 04.12.2025
  • KZ
  • 25

image

2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.

   Жұмыс орны         

Қызметі

   Штат бірлігі

1

Математика кафедрасы, робототехника лабораториясы

Компьютер класс лаборанты

1,0 ш.б.

2

Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы

Маман  (уақытша орын)

1,0 ш.б.

3

Мәдениет орталығы

Экскурсия жетекшісі

1,0 ш.б.

1 .Аға лаборант жоғары білімді,еңбек өтілі болуы тиіс, компьютерде еркін  жұмыс істей алуы тиіс.

2. Маман қызметіне жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білімі және жоғары оқу орнының стратегиялық даму жүйесі мен рейтинг талаптарын білетін тұлға болуы тиіс.

3 .Мәдениет орталығының экскурсия жетекшісі қызметіне педагогикалық ғылымдар (гуманитарлық пәндер бойынша) және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе қызметтер (туризм) бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар болуы тиіс, еңбек өтіліне талап қойылмайды.

 Қажетті құжаттар тізімі:

         1) түйіндеме;

2) жоғары білім, білімі туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;

4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

5) наркологиялық ұйымнан анықтама;

6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

Қосымша деректер:

  1. Комиссия хатшысы Адам ресурстарын басқару бөлімінің жетекші маманы Калдыбаева Акнур, электрондық пошта (aknur.kaldybayeva @ayu.edu.kz), байланыс телефоны: 8701-326-27-79
  2. Бос лауазым конкурсы 5 күнтізбелік күнге жарияланады.
  3. Құжаттарды қабылдау беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы 

          күні мен уақыты: 2025 жылдың  11 желтоқсан , сағат 18-00 дейін.

ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.