Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стратегиялық даму,рейтинг және стандарттау орталығы конкурс жариялайды



2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Бөлім атауы | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы | Бас сарапшы | 1,0 ш.б. |
2 | Стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығы | Маман (декреттік орын) | 1,0 ш.б. |
1.-Жоғары оқу орнында жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмау керек;
-Сапаны басқару жүйесі бойынша сертификатталған болуы шарт;
-ISO 9001-2015 «Сапа менеджментінің жүйесі.Талаптар» стандартын білуі тиіс;
-ISO37001-2016 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйелері. Талаптары мен қолдану жөніндегі нұсқаулық» стандартын білуі қажет;.
2. Маман қызметіне жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі тиісті бейіні бойынша білімі және жоғары оқу орнының стратегиялық даму жүйесі мен рейтинг талаптарын білетін тұлға болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2026 жылдың 27 қаңтар, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/wp-content/uploads/2024/01/aup.ahch-konkurs-erezhesi-2023.pdf сайтында танысуға болады.