Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі, Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі конкурс жариялайды



2025-2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
№ | Жұмыс орны | Қызметі | Штат бірлігі |
1 | Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау бөлімі (уақытша орын) | Жетекші маман | 1,0 ш.б. |
2 | Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі | Сектор меңгерушісі | 1,0 ш.б. |
3 | Ғылымды дамыту бойынша жобалық кеңсе бөлімі (уақытша орын) | Маман | 1,0 ш.б. |
1 .Ғылыми кадрларды даярлау және атестаттау бөлімінің жетекші маманы қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірбиесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, еңбек өтілі 3 жылдан жоғары тұлға болуы тиіс;
2. Сектор меңгерушісі қызметіне Зертханалық зерттеулерді жүргізу әдістерін, құрал-жабдықтарды және өлшеу жүйелерін жақсы білу.
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және санитарлық нормаларды білу.
Зертханалық құжаттаманы (хаттамалар, есептер, нұсқаулықтар) жүргізе алу.
Сапа менеджменті жүйелерімен (ISO, GLP және т.б.) жұмыс істеу дағдылары.
Зертхана қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыру және бақылау.
Жұмыс жоспарларын құра білуі тиіс;
3.Маман қызметіне білімі жоғары, қызметкерлермен жұмыс істеу тәжірбиесі және жұмысты ұйымдастыру қабілеті бар болуы тиіс.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) жоғары білім туралы дипломның, көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2026 жылдың 30 қаңтар , сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің https://ayu.edu.kz/admin/ckeditor_files/files/aup_ahch_konkurs_erezhesi_2023(2).pdf сайтында танысуға болады.