❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

«Сырдария өңірінің археологиялық мұрасы: зерттелуі мен нәтижелері»

  • 27.02.2026
  • KZ
  • 27

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Сіздерді 

2026 жылдың 27 наурызында ғалым, археолог Марат Тұяқбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған

«Сырдария өңірінің археологиялық мұрасы: зерттелуі мен нәтижелері»

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына

қатысуға шақырады.

 

 

Конференция жұмысының бағыттары:

 

- Тас дәуірі: Антропогенез және алғашқы қоныстану.

 

- Ерте металл дәуірі: Андронов мәдениеті және алғашқы металлургия.

 

- Ерте темір дәуірі: Сақ-қаңлы мәдениеті және мемлекеттілік негіздері.

 

- Орта ғасырлар: Қала мәдениеті және Ұлы Жібек жолы.

 

- Этнографиялық кезең: Мәдени сабақтастық пен дәстүрлі өнер.

 

- Қорғау және сақтау: Реставрация және музейлендіру.

 

- Қазіргі археология және жаңа технологиялар

 

Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары – 2026 жылдың 1 наурызынан  кешіктірілмей қабылданады, мына пошта арқылы жіберуіңізді сұраймыз: amanturov1971@mail.ru, Амантуров Маралбек. 

Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін өтінімдерді қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға археолог, этнолог ғалымдар, музей-қорық қызметкерлері, ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, университет оқытушылары, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, түрік, ағылшын

Конференцияның өтетін күні мен орны:: 2026 жыл 27 наурыз, сағат 10:00. Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің Мәдениет орталығы. Түркістан қ, Б.Саттарханов даңғылы №29.

Жұмыс форматы: офлайн.

Ұйымдастыру комитетінің  мекен-жайы:

161200, ҚР Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әмір Темір 53А, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы.

 

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері: Кәрім Асылхан – тел: +7 775 315 10 89, Амантуров Маралбек – тел: +7701 304 50 03, amanturov1971@mail.ru,

КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Аты-жөні

 

Бірлескен авторлар (егер болса)

 

Жұмыс орны

 

Қызметі

 

Ғылыми дәрежесі, атағы

 

Байланыс телефоны

 

E-mail

 

Қатысу түрі (онлайноффлайн)

 

Секция

 

Баяндама тақырыбы (қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде)

 

 

Конференцияда сөз сөйлеу жоспарланған ба

Иә / Жоқ

 

 

 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

Мақала Word редакторында Times New Roman шрифті, 14 кегль, 1 интервал, абзац шегінісі – 1,25 см, шеттері 2 см ретінде рәсімделген, көлемі 10 беттен аспайтын мәтін түрінде берілуі керек. Мақалада ӘОЖ индексі, автордың аты-жөні, жұмыс орны (қала мен елді көрсете отырып) көрсетілуі қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер мен дереккөздердің тізімдері төмендегі үлгіге сәйкес пішімделген. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері» сәйкес рәсімделеді. Тізім сілтеме реті бойынша реттеледі. Тізімде көрсетілген дереккөзге сілтеме мақала мәтінінде төртбұрышты жақшаға алынады, мысалы: [5, б. 264]. Бір уақытта бірнеше дереккөзге сілтеме жасау қажет болса, сілтемелер төртбұрышты жақшада нүктелі үтірмен бөлінеді.

Мақаланы рәсімдеу үлгісі:

ӘОЖ ****

М.К.Амантуров

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, Түркістан қ (Қазақстан)

Тарихи ескерткіштерді қорғау инспекторы

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

Мақала мәтіні [1, б. 300]. Мақала мәтіні [2, б. 249]. Мақала мәтіні 

[3, б. 147]. Мақала мәтіні [2, с. 76]. Текст [4, с. 6].

Қолданылған дереккөздер мен әдебиеттер тізімі

  1. Байпақов К.М. Ежелгі және ортағасырлық Отырар. Алматы: «Қазығұрт», 2007. – 83 б. 
  2. Смагулов Е.А. Древний Сауран. Алматы, 2010. – С. 358. 
  3. Байпаков К.М. Исламская археологическая архитектура и археология Казахстана. Алматы, 2012. – С. 284. 

4. Смагулов Е.А. Происхождение керамических алтарей в домах горожан Южного Казахстана (XI-XII вв). История и археология турана. №3. Самарканд, 2017. – С. 318.

 

 

Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті