❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи
ESC жабу үшін

26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр.

  • 11.03.2026
  • KZ
  • 32

image

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Жаратылыстану ғылымдары факультеті

Биология кафедрасы

«Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР, ҒАЛЫМДАР, ЗЕРТТЕУШІЛЕР, ДОКТОРАНТТАР МЕН МАГИСТРАНТТАР!

Сіздерді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Жаратылыстану ғылымдары факультеті Биология кафедрасының ұйымдастыруымен  биология кафедрасының доценті, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты Ерденов Мұраттың ғылым мен еңбек тоғысындағы 70 жылдығына арналған «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ»  атты халықаралық ғылыми-теориялық  ОНЛАЙН конференцияға қатысуға шақырамыз. Конференция агробиология саласындағы заманауи ғылыми бағыттарды талқылауға, тәжірибе алмасуға және инновациялық шешімдер ұсынуға бағытталған

 

26-27 наурыз 2026 ж., Қазақстан, Түркістан 

 

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ

 

Агробиология ғылымындағы өзекті мәселелерді талдау, ғылыми қауымдастықтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту және агроөнеркәсіптік кешенге арналған инновациялық технологиялар мен әдістерді таныстыру.

 

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ  БАҒЫТТАРЫ

  1. Ауыл шаруашылығы дақылдарының биотехнологиясы және селекциясы
    – in vitro технологиялар
    – генетикалық ресурстар және молекулалық маркерлер
  2. Топырақтану, агрохимия, фитопатология және экологиялық тұрақтылық

          – топырақ құнарлылығын арттыру
           – органикалық егіншілік және жасыл технологиялар

                – биологиялық қорғау әдістері
                 – фитосанитарлық мониторинг

  1. Агроландшафттар, дендрология және урбандық жасылдандыру
    – қалалық экология
    – интродукция және акклиматизация мәселелері
  1. Агробиоөнеркәсіптегі цифрлық технологиялар және жасанды интелект
    – Smart-agro жүйелері
    – қашықтықтан зондтау және мәліметтер талдауы
  2. STEM+ PISA интеграциясы бойынша білім беру және агробиология
  3. Агробиологияны оқытуда STEM-пәнаралық модельдерін енгізу
  4. Агробиология сабақтарында жобалық және зерттеушілік оқыту (PBL, RBL)
  5. Инженерлік ойлау мен агротехнологияны STEM арқылы қалыптастыру
  6. Ауыл шаруашылығы бағытындағы STEM-стартаптар: студенттік жобалар тәжірибесі
  7. Цифрлық агробиология: STEM негізіндегі смарт-ферма модельдері
  8. STEM–PISA интеграцияланған моделі негізінде агробиологияны оқыту
  9. Агробиологияда нақты деректермен жұмыс (климат, топырақ, өнімділік)
  10.  PISA типіндегі тапсырмаларды STEM жобаларымен ұштастыру

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ  ӨТЕТІН ОРНЫ МЕН УАҚЫТЫ 

 

Конференция онлайн форматта ұйымдастырылады.Зуум идинфикаторын алу үшін қосымша байланыс номеріне хабарласыңыз.

Конференцияның жұмысы 27 наурыз сағат 10:00 де басталады. Тілдері: қазақ, орыс, түрік, ағылшын.

 

ӨТIНIШТЕРДI ТIРКЕУ ЖӘНЕ БАЯНДАМАЛАРДЫ БЕРУ

 

Конференцияның ашылуына баяндамалар жинақ түрінде басып шығарылады. Қатысу үшін өтiнiш және баяндама тезистерi 2026 жылдың  10 наурызына дейін  toleu.karimzhan@ayu.edu.kz поштасы арқылы қабылданады.

 

  1. Баяндама мәтіні А4 форматында 5 беттен аспауы керек, RTF форматында MS WORD мәтіндік редакторында дайындалуы тиіс. Формулалар Microsof Equation формула редакторында, суреттер *.jpg немесе *.gif форматында ұсынылуы керек.
  2. Бет параметрлері: барлық өрістер- 2,5см. Қаріп: Times New Roman, KZ Times New Roman (өлшемі-12), жоларалық интервал: бәрлік. Жоғары сол бұрышта ӘОЖ көрсетіледі.
  3. Келесі жолдың ортасында авторлардың аты-жөні бас әріптермен,жартылай қалың қаріппен теріледі. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріппен жартылай қалың шрифтпен баяндаманың тақырыбы теріліп жазылады. Бір аралықтан кейін жолдың ортасына бас әріппен автордың жұмыстың орындаған мекеме атауы, қаласы, елі (көлбеу қаріппен қысқартусыз) теріліп жазылады.
  4. Бір аралықтан кейін мақаланың жазылу тілдерінде андатпа жазылады (қаріп өлшемі-10). Бір аралықтан кейін кілттік сөздер (5-6 сөз), бір аралықтан кейін азат жолдан  бастап баяндаманың мәтіні теріліп, жазылады. Пайдаланған әдебиеттер тізімі қойылған сілтеме бойынша мақаланың соңында ретімен теріліп жазылады. Автор (авторлар) жайлы мәлімет: толығымен аты-жөні, жұмыс орны (мекеменің атауы, ЖОО- ның атауы толық және қысқартылған түрде), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, жұмыс орнының телефоны, e-mail жазылады. Баяндама файлдың атауы аты-жөні және қатысушының аты- жөнінің әріптерімен мазмұндалуы тиіс. Мысалы: Aslanov. Doc

Өтініштерді қабылдау,баяндамалар,жарияланымдар,сұрақтары бойынша келесі мекен-жайға хабарласуыңызға болады: ҚР,Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов даңғылы 29, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ Жаратылыстану ғылымдары факультеті, Биология кафедрасы 2 қабат,каб.203 (Байланыс телефондары: +7 776 376 0097, +7 747 791 9015 (whatsApp,Даулет).

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ МЫСЫЛЫ

 

ӘОЖ XXX.YYY

(жарияланым тіліне байланысты)

МАҚАЛАНЫҢ АТАУЫ

 

АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ1, АВТОРДЫҢ АТЫ- ЖӨНІ2

 

1Университет, қаласы

2Университет, қаласы

 

Андатпа

Түйінді  сөздер:

 

Мақаланың  мазмұны

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

         Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

          Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

          Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

          Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст Текст

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Автор А.А. Кітаптың атауы.- Қала: Баспа, Жыл.-бет саны
  2. Автор Б.Б., Автор С.С. Мақаланың атауы// Журнал атауы. – Жыл. № Нөмір – Беттер
  3. Автор Д.Д. Дереккөз  атауы. - URL: http://www.example.com (Қаралған күні: Күн.Айы.Жыл).