Аударма бөліміне аудармашы

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Түркістан қ, Саттарханов д-лы 29В мекен жайында орналасқан «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті» мекемесінің төменде көрсетілген бөлімдеріне бос орындарға конкурс жариялайды.
1.Аударма орталығы
№ | Қызмет атауы | Штат бірлігі |
1 | Аудармашы | 1,0 ш.б. |
1.Жоғары филологиялық білімі болуы тиіс;
2. Түрік, орыс, ағылшын тілдерінің бірін және аударма теориясын жетік меңгеруі қажет;
3. Жетік меңгерген тілдердің граматикалық, орфографиялық және басқа да емлелері мен ережелерін білуі тиіс;
4. Компьютер техникаларын қолдана білуі тиіс.
5. Әртүрлі құжаттарды теріп басқанда (аударғанда) материалдың орналасу тәртібін білу қажет.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) түйіндеме;
2) Білім туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;
3) қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстыру үшін түпнұсқалар;
4) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
5) наркологиялық ұйымнан анықтама;
6) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
Қосымша деректер:
күні мен уақыты: 2024 жылдың 08 сәуір, сағат 18-00 дейін.
ӘКІМШІЛІК-БАСҚАРУ және ӘКІМШІЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ, ҚОСАЛҚЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚҰРАМЫНДАҒЫ БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІмен университеттің сайтында танысуға болады.