❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

  • 13.10.2025 10:40
  • университет

image

Университет психологы Ләзәт Мырзашова 10-қазан Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған «Психикалық саулық» атты семинар-тренинг өткізді. Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени жұмыстар және психологиялық қолдау көрсету бөлімі ұйымдастырды.  

Ләзәт Мырзашова іс-шара барысында психикалық саулықтың маңыздылығын, стресс пен күйзелістің алдын алу жолдарын түсіндірді. Қатысушылармен түрлі психологиялық ойындар мен арт-терапиялық жаттығулар өткізді.

 Тренингке белсенді қатысқан студенттер мен қызметкерлер өзара түсіністік пен эмоционалды тұрақтылық дағдыларын дамытып, пайдалы кеңестер алды.

Іс-шара жылы атмосферада өтіп, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.