ҚОШТАСҚЫМ КЕЛМЕЙДІ – РАМАЗАН!

  • 08.04.2024 11:30
  • С.Прәлиев атындағы конференция залы

image

Бүгін университетімізде Теология факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен «Қоштасқым келмейді – Рамазан» атты рухани-тәрбиелік іс-шара өтті.

Айлардың сұлтаны болған, қаиетті Рамазан айына деген қимастық сезім мен оның маңызын түсіндіруді мақсат еткен шараға факультет декандары, студенттер мен оқытушы-профессорлар  қатысты.

Рухани жиында, ең алдымен, Құран оқылды. Келесі кезекте, факультет студенттері мен оқытушылары Ясауи хикметтерінен шашу шашты. Профессор, доктор Метин Йылмаз Рамазан айының қасиеті мен ерекшелігі туралы кеңінен баяндады. Ал, студенттер салауаттар мен тасбихтер айтып, жүректерді тебірентті. 

Сонымен қоса, жиынға қатысушыларға Рамазан айына қатысты сұрақтар қойылып, сыйлықтар табысталды.

Іс-шара соңында Теология факультетінің деканы, профессор Досай Кенжетай тәрбиелік мәні зор кешті ұйымдастырған студент жастарға ризашылығын білдірді. 

Студенттер жиынды қорытындылай келе:

«Нұрға бастап, көз қуаныш етіп ең,

Сыйласыңдай достасайық Рамазан,

Айырылысатын күн туа ма, өкінем?!

Қимасымдай қоштасайық – Рамазан!»,- деп, әдемі өлең жолдарымен аяқтады.

Сахнада Құран оқылып, бата берілді. Жиылған қауым тек Рамазан айымен қоштаспай, су басқан өңірлер мен тұрғындары үшін, ел мен жердің амандығын тілеп, дұға жасады.