УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ «АФМ ОNLINE 2024» ФОРУМЫ ӨТТІ

  • 04.06.2024 15:19
  • кіші зал

image

Оқу орнымыздың қабырғасында елімізде соңғы жылдары кең өріс алған өзекті мәселелердің бірі – Қаржы пирамидалары және интернет желісінде жиі кездесіп жатқан дропперлердің іс-әрекеті жайында елімізде алғаш рет – «АФМ ОNLINE 2024» атты онлайн негізде форум өтті. Алқалы басқосу – ҚР Қаржылық мониторинг аганттігінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. 

Форумға университетіміздің басшылық құрамы мен оқытушы-профессорлары және студенттері де онлайн қатысты.

Іс-шараға мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қаржы министрі Мәди Такиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова, облыстық әкімдіктердің, Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың басшылық құрамы қатысты.

Сондай-ақ, белгілі медиа тұлғалар: Динара Сатжан, Рүстем Омаров, Айгүл Мүкей, Нұрлан Қоянбаев, қаржы талдаушылары «Stop piramida» жобасының авторы Ли Юрий, «FINANCE.KAZ» арнасының авторы Андрей Чеботарев және онлайн-режимде ел бойынша 35 жетекші ЖОО қосылды.

Форумда интернетте кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын блогерлерге заңды қызметті жүргізу үшін заңнама нормалары (салық төлеу, заңсыз контентті жарнамалауға тыйым салу, көзделген жауапкершілік және т.б.) түсіндірілді.

Айтулы форумда спикерлер: «Қаржы пирамидасын қалай тануға болады және ол үшін ARRFR қандай құралдарды қолданады», «Қаржы пирамидалары мен инвестициялық алаяқтықтың алдын алу себептері мен әдістері», «Әлеуметтік желілердегі мінез-құлық ережелері және қандай жарнама үшін мерзім алуға болады», «Абайлаңыз инфоцыгандар. Курстарды қалай дұрыс сатып алуға болады», «Туыстары мен жақындарын алаяқтардан қалай қорғауға болады», «Миллионер ретінде зейнетке шығу және оны басқалардан 10 жыл бұрын қалай жасау керек» және т.б маңызды тақырыптар бойынша баяндамалар оқыды.

Жиынға қатысушылар электрондық үлгіде Агенттіктің арнайы сертификаттарын алды. Сонымен қатар, университетіміздің ректоры Жанар Темірбековаға да ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің алғыс хаты табысталды.