УНИВЕСИТЕТІМІЗГЕ «ЭРАСМУС +» АКАДЕМИЯЛЫҚ АЛМАСУ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫТУШЫ КЕЛДІ

  • 07.06.2024 17:11
  • Филология факультеті

image

Оқу ордамызға 2023-2024 оқу жылының көктемгі семестрінде «Эрасмус +» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркиядан Памуккале университетінің  профессор, докторы Джейхун Ведат Уйгур келді. 

Іс-сапар барысында доктор Джейхун Ведат Уйгур Филология факультеті, түрік тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары мен студенттеріне дәрістер, семинар, тренинг және мастер кластар жүргізді.

Профессор семинарында: Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілі арасындағы лексикалық салыстыру, Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілін фонетикалық салыстыру, Көне түрік (көктүрік-ұйғыр) пен қазақ тілін морфологиялық салыстыру, Латын негізіндегі жаңа қазақ әліпбиі туралы баяндады. Қатысушылардың ойын тыңдап, сауалдарына жауап берді.