ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

  • 28.08.2024 14:34
  • УНИВЕРСИТЕТ АУМАҒЫ

image

30 тамыз Қазақстан Республикасының «Конституциясы күні» қарсаңында университет аумағына тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен шараға 150-ге жуық қызметкер, 3 техника жұмылдырылды.

Тазалық жұмыстарына қатысушылар ғимараттар мен алаңдардың айналасын ретке келтіріп, көгалдарды қоқыстардан, жапырақтардан тазартты.

Осылайша жаңа оқу жылының қарсаңында университетімізге жан-жақты тазалық жұмыстары жүргізілді.