❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

№4 СЕНАТ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

  • 27.11.2025
  • KZ
  • 66

image

Бүгін университетімізде №4 Сенат мәжілісі өтті. Жиынға Сенат мүшелері қатысты.

Сенатта күн тәртібіндегі негізгі мәселелер бойынша баяндамалар жасалды. Мансапты  дамыту және жұмыс берушілермен байланыс орталығының басшысы Салима Мухитдинова 2025 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу мәселесі туралы баяндады. 

Сондай-ақ, Университет ОПҚ-ның дайындаған оқулық, оқу құралы, мен монографияларын бекіту және материалдар жинағын баспаға ұсыну, Білім беру бағдарламаларын ББ реестрінен шығару, «7M04168 EMBA-Денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшелендіру» БББ академиялық күнтізбесін бекіту, Докторанттардың тақырыптары мен жетекшілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелер қаралды.