❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 95 ЖЫЛ: СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

  • 27.11.2025
  • KZ
  • 75

image

Бүгін университетімізде қазақ вальсінің королі – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 95 жыл толуына орай студенттер арасында ән байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты – қазақ ән өнерінің шоқтығы биік тұлғасы, ұлт жүрегінде мәңгі сақталған Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ жас өнерпаздардың талантын шыңдау болды.

Өнер додасына әділ бағасын беру үшін қазылар алқасының құрамына белгілі вокалист, ұстаз, Ақжайық музыка мектебінің вокал пәні мұғалімі Исамиддин Назимов, хор дирижеры, музыкант, Ақжайық музыка мектебінің тәрбие жөніндегі орынбасары Мақсат Сарсенбаев, сондай-ақ қазылар алқасының төрағасы – ҚР мәдениет саласының үздігі, Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық «Менің Қазақстаным» байқауының жеңімпазы Мақсат Айтжанов қатысты.

Байқауға 9 өнерпаз қатысып, екі кезең бойы өз өнерлерін ортаға салды.

Айта кетейік, қатысушылар рухани шабыт алу мақсатында Шәмші Қалдаяқов ауылына және сазгердің жеке мұражайына арнайы барып, ұлы тұлғаның өмірі және шығармашылығымен жақынырақ танысты.

Сайыс соңында қатысушыларға алғыс хаттар табысталып, үздік өнер көрсеткен жеңімпаздар марапатталды. Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы бас жүлдеге Өнер, медиа және дизайн факультетінің студенті Заремма Сабденді  лайық деп таныды. І орын Өнер, медиа және дизайн факультетінің намысын қорғаған Еділхан  Нұрғазыға бұйырды.  ІІ орынды Филология факультетінің студенті Гүлсезім  Жақыпбек алды. Ал ІІІ орынды Өнер, медиа және дизайн факультеті студенті Юлдуз Бектемирова иеленді.

Шәмші әндерімен сусындаған бұл кеш студенттердің өнерге деген құштарлығын арттырып, қазақ музыкасының құдіретін тағы бір мәрте айшықтай түсті.