❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ ISO 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТЫ БОЙЫНША СЫРТҚЫ АУДИТТІҢ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

  • 27.11.2025
  • KZ
  • 18

image

Оқу ордамызда ISO 9001:2015 халықаралық сапа менеджменті стандарты бойынша сыртқы бақылау аудиті өз мәресіне жетті.

Жабылу рәсіміне университеттің Жауапты хатшысы м.а. Эндер Сайын, Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Еділ Төлегенов пен құрылымдық бөлім басшылары, департамент және ҒЗИ директорлары, факультет декандары мен кафедра меңгерушілері қатысты.

Төрт күнге созылған аудитті Түрік стандарттар институтының бас аудиторы, доктор Исмет Титиз жүргізді. Аудит барысында университеттің құрылымдық бөлімдері мен кафедраларына жан-жақты шолу жасалды. Әрі  оқу үдерістері зерделенді. Сонымен қатар, білім алушылармен кездесулер өтіп, олардың тәжірибелік дайындық деңгейі бағаланды.

Сондай-ақ, бас аудитор Исмет Титиз университеттің Ғылым департаментіне қарасты құрылымдық бөлім қызметкерлері мен факультет декандарына «Сапаны басқару» атты семинар өткізіп, халықаралық талаптарға сәйкес сапа мәдениетін жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Аудит нәтижесінде университеттің жұмысы жоғары бағаланып, барлық үдерістердің жүйелі түрде ұйымдастырылғаны айтылды. Инфрақұрылымдық бағыттағы оң өзгерістер мен материалдық қолдаулар да ерекше аталды. Тексеру қорытындысы бойынша аудитор университетке 99,99% баға қойып, жалпы жұмысты оң бағалады.

Бұл көрсеткіш университеттің сапа менеджменті жүйесін дамытудағы жетістігін және халықаралық талаптарға сай қызмет ететінін тағы да дәлелдеді.