❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ ВИЦЕ-РЕКТОР ЭЛЬМИРА ИДРИСОВА МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

  • 03.12.2025
  • KZ
  • 76

image

Университетіміздің жылдағы дәстүріне сай Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова мен Академиялық департамент мамандары Медицина факультеті мен Стоматология  факультетінің бітіруші түлектерімен (4-5 студент) арнайы кездесу өткізді.

 

Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің оқуын аяқтау кезеңіндегі маңызды академиялық талаптарды, қорытынды аттестацияға дайындық барысын нақтылау.

 

Шара барысында Академиялық мәселелер жөніндегі вице-ректор Эльмира Идрисова бастаған мамандар тобы университеттің стратегиялық бағыттары мен оқу үдерісінің соңғы кезеңіне қатысты өзекті ақпараттарды айтты. 

 

Сонымен қатар, білім берудегі негізгі құндылықтар – сапа, ашықтық, әділдік, жауапкершілік және кәсіби даму маңыздылығы атап өтті.

 

Бітіруші түлектерге Академиялық адалдық қағидалары, қорытынды аттестация ережелері, талаптары, бағалау жүйесі және медицина факультетіне тән академиялық регламенттер бойынша нақты мәліметтерді берді. 

 

Жиында академиялық адалдықтың сақталуы – оқу нәтижелерінің басты көрсеткіші екені де баса айтылды. Сонымен қатар, түлектер өндірістік іс-тәжірибеден өту тәртібі, дипломалды дайындық кезеңі, сессияның өткізілу форматы сияқты маңызды мәселелерді талқылады.

 

Сондай-ақ, қос диплом бағдарламасы туралы толыққанды ақпарат беріліп, оның талаптары мен мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.

 

Кездесу барысында медицина факультетінің бітіруші түлектері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауапты мамандардан қажетті ақпарат алды.

 

Бұл кездесу түлектердің алдағы қорытынды аттестацияға, өндірістік практикаға және дипломдық жобаға сапалы дайындалуына, сондай-ақ медицина мамандығына қатысты академиялық талаптарды нақты түсінуіне үлкен ықпал етті.