❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

УНИВЕРСИТЕТТІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ СЕССИЯ ӨТТІ

  • 03.12.2025
  • KZ
  • 65

image

Университетіміздің даму бағдарламасын іске асыруды қолдайтын бес стратегияны әзірлеуге арналған екінші стратегиялық сессия өтті.

Басқосуға стратегиялық даму, рейтинг және стандарттау орталығының басшысы С. Қырықбаева жетекші болды. Жиынға Академиялық департамент директоры А. Бостанова, Кітапхана директоры М. Абсеметова, ғылымды дамыту жөніндегі жобалық офис бөлімінің басшысы А. Айымбетова, әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бөлімі басшысы Е. Шахабаев және өзге де құрылымдық бөлімдердің өкілдері қатысты.

Сессияда барысында стратегиялық құжаттарды әзірлеу мәселелері талқыланды. Атап айтқанда: Университеттің цифрлық трансформациясы және жасанды интеллект стратегиясы; Халықаралық ынтымақтастық және халықаралық интеграция стратегиясы; Академиялық және ғылыми көшбасшылық стратегиясы; Коммерцияландыру стратегиясы.

Бұл стратегиялық сессия университеттің болашақта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ортақ мақсаттарды нақтылап, негізгі даму басымдықтарын айқындауға мүмкіндік берді.