“Заң мен тәртіп: Әділет жолындағы қоғам” тақырыбында ішкі пікірсайыс турнирі өтті
Шаңырақ студенттік клубтар координациясына қарасты “Yasawi̇ DC” пікірсайыс клубы “Заң мен тәртіп: Әділет жолындағы қоғам” тақырыбында ішкі пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, әділетті қоғам құрудағы құқық пен тәртіптің маңызын түсіндіру, сондай-ақ пікір айту және дәлел ұсыну дағдыларын дамыту болды.
Турнирге әр факультеттен жиналған жас пікірсайысшылар қатысып, заманауи құқықтық мәселелерді талқылады. Қатысушылар қоғамдағы тәртіптің сақталуы, заң үстемдігі, құқықтық мәдениеттің қалыптасуы және азаматтық жауапкершілік жөнінде өз көзқарастарын ортаға салды.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, ең үздік ой мен мықты дәлелдер көрсеткен студенттер арнайы марапатталды.
Мұндай турнирлер студенттердің сыни ойлау қабілетін дамытып қана қоймай, қоғамдағы өзекті мәселелерге бейжай қарамайтын белсенді ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосады.