❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КҮРЕСТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

  • 09.12.2025
  • KZ
  • 44

image

Оқу ордамыздың спортшылары ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында топ жарды.

Алматы қаласында өткен дүбірлі додаға еліміздің 20 аймағынан үздік спортшылар қатысты. Олардың қатарында оқу орнымыздың балуан қыз-жігіттері де бар.

Бәсекеге 62 кг салмақта күрескен Дубек Тыныс пен 57 кг салмақтағы Нулифар Раимова бұған дейінгі жетістіктерін тағы да жалғастырып, жеңістің ең биік тұғырынан көрінді және алтын жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар, жарыста 76 кг салмақта Балжан Таспамбетова, 72 келіде Зейнеп Эламас, 65 келі салмақта Гүлдана Өсербай, 62 келіде Жасмин Искендарова және 55 кг салмақта күрескен Айнұр Ашимова жүлделі 3-орынды иеленді.

Боз кілемде қарсыласына шақ келтірмеген Түркістан облысының және университетіміздің балуан қыздары командалық есеппен 1-орынды жеңіп алды.

Спортшы аруларымыздың жеңісі құтты болсын! Алдағы байрақты бәсекелерде сәттілік тілейміз!