❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

  • 10.12.2025
  • KZ
  • 95

image

Бүгін университетімізде Филология факультеті, Өнер, медиа және дизайн факультеті және Спорт факультеттерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті. 

Шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылып, тәуелсіздіктің қадірін ұғынып, елдік рухты дәріптеуге арналды. 

Жиын барысында сөз алған желтоқсаншы, профессор Бекжігіт Сердәлі өмірлік тәжірибесін бөлісіп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында өз көзімен көрген трагедиялық сәттерді еске алды және жастарды елін сүюге, жауапкершілікке әрі нағыз патриот болуға шақырды.

Сонымен қатар, «Азаттық рухы» ұйымының төрағасы Зере Ешмұратова мен Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Забираш Адилбекова да өз оқиғаларын бөлісті. Спикерлер тәуелсіздіктің тарихы ғана емес, оның бүгінгі ұрпақ санасындағы орны мен маңызын да ерекше атап өтті.

Жиын барысында Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректор Еділ Төлегеновтің атынан желтоқсаншыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараға қатысқан студенттер Тәуелсіздік рухын сезініп, халық батырларының ерлігін дәріптейтін өлеңдер мен ән-жырларды орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.