❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

«ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ РӨЛІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

  • 10.12.2025
  • KZ
  • 56

image

Университетімізде  «Заң мен тәртіп» концепциясы аясында «Құқықтық мемлекет құру жолындағы жастардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 Кездесудің мақсаты- құқықтық мәдениетті арттыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын дамыту және құқықтық мәселелер бойынша қоғамның белсенділігін көтеру арқылы заңды және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталды. 

Жиында Жастар Рухы жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы студенттерге құқықтық білімімен бөлісіп, бірқатар маңызды мәселелерді атап өтті.

Бұл кездесу студенттердің құқықтық нормалар мен заңға сәйкес мінез-құлықтың маңыздылығын түсіндірді. 

Сондай-ақ, кездесуге Жастар Рухы жастар қанатының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Еркебұлан Мадиярұлы және университетіміздің қызметкерлері мен студенттері қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында жастардың құқықтық мәдениетін арттыруды, құқықтық мемлекет құру үдерісіндегі белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруды және қоғамдағы құқықтық қатынастарды нығайтудағы жастардың үлесін талқылады.