❝Ілім – жүрекке жарық, ақылға шам.❞
     Ахмет Ясауи

КІТАПХАНАДА «АҚПАРАТ КҮНІ» ӨТТІ

  • 11.12.2025
  • KZ
  • 53

image

Бүгін оқу ордамыздың кітапханасында «Ақпарат күні» өтті. 

Басты мақсат – кітапхана қорына келіп түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстыру.

Аталған шараға білім беру бағдарламасының талаптары негізінде кафедралардан берілген ұсыныстар бойынша сатып алынған кітаптармен танысуға оқытушы-профессорлар мен студенттер қатысты.

Кітапхана жаңа оқулықтармен толығып, факультеттердің сұранысы 100% орындалды. Атап айтқанда, «Білім беру және гуманитарлық зерттеулер», «Экономика», «Филология», «Медицина», «Спорт», «Инженерия» факультеттерінің сұранысы бойынша – 1754 кітап сатып алынды.