УНИВЕРСИТЕТІМІЗДЕ БАСҚАРУ КЕҢЕСІ ӨТТІ
Университетімізде 18-19 желтоқсан күндері Басқару кеңесі өтті.
Басқосуда қатысушылар күн тәртібіне енгізілген мәселелерді жан-жақты талқылады. Кеңестің алғашқы күні Даму және үйлестіру департаментінің директоры Мурат Келеш 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді. Сондай-ақ ҒЗИ және ҒЗО директорлары 2024–2025 жылдарға арналған даму стратегиясы аясында 2025 жылдың жылдық есептерін ұсынды. Екінші күні факультет декандары да аталған стратегияға сәйкес есептерін баяндады.
Декандар факультеттердің стратегиялық даму бағыттары бойынша жылдық көрсеткіштерін таныстырып, алдағы міндеттерді айқындады.
Сонымен қатар, спикерлер 2025 жылы стратегия аясында атқарылған жұмыстарды атап өтті. Стратегия көрсеткіштерінің кезең-кезеңімен орындалуы, факультеттің даму динамикасы, білім беру, ғылыми және ұйымдастырушылық бағыттардағы нәтижелерді қарастырды.
Стратегиялық бағыттар: Тұрақты институциялық даму, Академиялық үстемдік, Ғылыми-инновациялық әлеует бойынша деректермен бөлісті.
Жиын соңында университеттің академиялық және ғылыми-инновациялық даму бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы даму кезеңіне арналған басым міндеттер нақтыланды.